SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Құрама

ПАРА САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ЖАПОНИЯҒА АТТАНДЫ

ПАРА САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ЖАПОНИЯҒА АТТАНДЫ

ПАРА САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ЖАПОНИЯҒА АТТАНДЫ

Пара садақ атудан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысу үшін жолға шықты.

2026 жылғы 18–25 қазан аралығында өтетін құрлықтық додада Азия елдерінің үздік параспортшылары бас қосып, спорттың түрлі бағыттары бойынша бақ сынайды. Пара садақ атудан өтетін жарыстарда қазақстандық спортшылар ел намысын қорғап, халықаралық аренада өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алады.

Ұлттық құрама мүшелері байрақты бәсекеге тыңғылықты дайындалып, жарысқа жоғары дайындықпен қатысуды мақсат етіп отыр. Азия Пара ойындары — спортшылар үшін өз мүмкіндіктерін дәлелдеп, халықаралық тәжірибе жинақтауға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған маңызды жарыс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Азамат Есентайұлы Үсімбеков ұлттық құрама мүшелеріне сәттілік тілеп, спортшыларға ақжолтай тілегін жолдады.

Қазақстандық пара садақшылардың бұл жарысқа қатысуы елімізде пара садақ атуды дамытуға және отандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі саналады.

🇰🇿 Ұлттық құрамамызға сәттілік, дәл нысана және жарқын жеңістер тілейміз!

Көк туымызды биікте желбіретіп, ел мерейін үстем ете беріңіздер!