SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Құрама

Садақ атудан ұлттық құраманың 30 спортшысы оқу-жаттығу жиындарынан өтеді

Садақ атудан ұлттық құраманың 30 спортшысы оқу-жаттығу жиындарынан өтеді

2026 жылдың 5–20 ақпан аралығында садақ атудан Қазақстанның ұлттық құрамасы 30 спортшының қатысуымен Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Аталған кезең 21–28 наурыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтетін Азия кубогының алғашқы кезеңіне дайындықтың маңызды бөлігі болмақ.