Азамат Усимбеков Қазақстан Республикасының Ұлттық садақ ату федерациясының президенті болып сайланды

Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Ұлттық садақ ату федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, өңірлік федерациялар өкілдері, жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарының құрылтайшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2023–2024 жылдар аралығындағы Федерацияның қызметі туралы есеп тыңдалды. Есепте саланың дамуы бойынша негізгі нәтижелер қамтылды.
Дауыс беру нәтижесінде 2025–2029 жылдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық садақ ату федерациясының жаңа президенті болып Азамат Есентайұлы Усимбеков сайланды. Бұған дейінгі басшы Айдос Амангелдіұлы Ақжановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.