SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Құрама

Еліміздегі спорт саласындағы бюджеттен тыс қаражатты бөлу жөніндегі бірыңғай оператор — Sport Qory спорт қоры олимпиадалық садақ атудан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының спортшыларын спорттық құрал-жабдықтың толық жиынтығымен қамтамасыз етті.

Еліміздегі спорт саласындағы бюджеттен тыс қаражатты бөлу жөніндегі бірыңғай оператор – Спорт қоры @sportqory Олимпиадалық садақ атудан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама спортшыларын толық спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Аталған қолдау аясында блокты және классикалық санаттағы садақтар, олардың маңызды бөлшектері мен сапалы жебелер спортшыларға табысталды. Бұл өз кезегінде ұлттық құраманың техникалық деңгейін арттырып, оқу-жаттығу процесін жаңа сапаға көтеруге мүмкіндік береді.

Заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен қамтылу – халықаралық ареналарда жоғары нәтижелер көрсетуге жасалған маңызды қадам. Мұндай қолдау спортшылардың сенімділігін арттырып, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға оң әсерін тигізеді.

Осы орайда, ұлттық құрама атынан Спорт қорына көрсетілген жан-жақты қолдау үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Еліміздің спортын дамытуға қосып отырған үлестеріңіз зор.

Алдағы жауапты жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға бар күш-жігерімізді саламыз.