SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Құрама

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САДАҚШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕКЕЛЕЙ САЙЫСТЫ АЯҚТАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САДАҚШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕКЕЛЕЙ САЙЫСТЫ АЯҚТАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САДАҚШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕКЕЛЕЙ САЙЫСТЫ АЯҚТАДЫ

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында садақ атудан жекелей сайыстың плей-офф кезеңі өтті. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен спортшыларымыз құрлықтың үздік мергендерімен бақ сынады.

Классикалық садақ атудан ерлер арасындағы бәсекеде Ильфат Абдуллин жарысты сәтті бастап, 1/16 финалда Филиппин өкілі Мхейвен Колас Часты 7:3 есебімен жеңді. Алайда 1/8 финалда Өзбекстан спортшысы Амирхон Садиковпен кездесіп, 3:7 есебімен жеңіліс тапты.

Қазақстандық тағы бір мерген Дәулеткелді Жаңбырбай 1/16 финалда Бангладеш садақшысы Кришна Саха Раммен кездесіп, 4:6 есебімен қарсыласына жол берді.

Әйелдер арасындағы сайыста Александра Землянова 1/16 финалда Моңғолия өкілі Оюн-Ердене Юаасандоржды 6:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Дегенмен келесі кезеңде Тайпей спортшысы Цай-Чи Лиге қарсы өткен кездесуде 2:6 есебімен есе жіберді.

Ал Самира Жұмағұлова 1/16 финалда Индонезия өкілі Резза Октавиамен кездесіп, 3:7 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Осылайша, Қазақстанның классикалық садақ атудан жекелей сайыстағы спортшылары Азия ойындарындағы өнерлерін аяқтады. Спортшыларымыз құрлықтың үздік садақшыларымен бәсекеге түсіп, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтады.

📸 Никита Басов