SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Құрама

Садақ атудан Азия Кубогы: Қазақстан құрамасы қос алтын мен қола медаль иеленді

Садақ атудан Азия Кубогы: Қазақстан құрамасы қос алтын мен қола медаль иеленді

15–20 маусым аралығында Сингапур қаласында садақ атудан Азия кубогінің 2-кезеңі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы қос бірдей алтын және қола медаль иеленді.

Аралас жұптық жарыста (компаунд mix):
Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы ақтық сында Үндістан құрамасынан 155–153 есебімен басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды!

Ерлер командалық сайысында (компаунд):
Ділмұхамет Мұса, Бунед Мирзаметов және Андрей Тютюн финалда Үндістан командасын 235–231 есебімен жеңіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады!

Әйелдер командалық сайысында (компаунд):
Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова Бангладеш командасын 224-230 есебімен жеңіп, қола медальға ие болды