SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Құрама

ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тарихи медаль иегерлерін марапаттады

ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тарихи медаль иегерлерін марапаттады

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алған Қазақстан ұлттық құрама спортшыларымен кездесті.

Кездесу барысында министр спортшылардың ел намысын асқақтатып, халықаралық аренада жоғары деңгейде өнер көрсеткенін атап өтіп, үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды төсбелгілермен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Азамат Өсімбеков ұлттық құрама спортшыларына қаржылай сыйақы табыстап, олардың еңбегін ерекше бағалады.