Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Азия Кубогының жүлдегерлерімен ресми кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 15–20 маусым аралығында Сингапур қаласында өткен Азия кубогінің II кезеңінде ел намысын абыроймен қорғаған садақ атудан ұлттық құрама жүлдегерлерімен кездесу өткізді. Бұл жеңіс Қазақстандағы садақ ату спорты тарихындағы айтулы оқиғаға айналып, ұлттық құраманың жүйелі дайындығының, жоғары кәсібилігінің және спортшылар мен жаттықтырушылар штабының табанды еңбегінің айқын нәтижесін көрсетті.
Көрсетілген құрмет елімізде спортшыларға жан-жақты қолдау бар екенін айқындап, Қазақстанда садақ ату спортының кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын дәлелдейді.
Сонымен қатар, спорт саласының басшысы Бауыржан Сагинбаевич Жолдыбаевты ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, садақ ату спортын одан әрі дамыту жолында сәттілік тіледі.