Құрама
Қазақстанның ерлер құрамасы Азия кубогында 1-орын алды

Құралмалы садақпен атуда Қазақстан ерлер командасы финалда үндістандық спортшыларды жеңді. Есеп: 235-231. Ел намысын Андрей Тютюн, Мұса Ділмұхамет пен Буниед Мирзаметов қорғады.
Осымен Сингапурдағы Азия кубогының 2-кезеңі аяқталды. Ұлттық құрама бәсекеде 2 алтын, 1 қола медаль иеленді.