SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Құрама

Қазақстан Республикасының Ұлттық садақ ату федерациясы Америка Құрама Штаттарында дәстүрлі қазақ рәсімін — шапан жабу дәстүрін өткізді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық садақ ату федерациясы Америка Құрама Штаттарында дәстүрлі қазақ рәсімін — шапан жабу дәстүрін өткізді.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен Vegas Shoot 2026 халықаралық турнирі аясында Халықаралық Садақ Ату Федерациясы президенті Greg Easton және бас хатшысы Raul Kalin мырзаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Садақ Ату Федерациясының президенті Усимбеков Азамат Есентайұлының атынан қазақ халқының дәстүріне сай ерекше құрмет көрсетіліп, ұлттық шапан жабылды.

Бұл – өзара сыйластық пен серіктестіктің айқын көрінісі. Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және садақ ату спортын дамытуға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды.

Бірлескен жұмысымыздың алдағы уақытта да табысты жалғасатынына сенім білдіреміз.