Құрама
Шымкентте Ұлттық садақ ату федерациясының кеңейтілген кеңесі өтті

Шымкент қаласында ҚР Ұлттық садақ ату Федерациясының басшылығының қатысуымен облыстардың аға жаттықтырушылары мен өңірлік федерация басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті.
⠀
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер қаралды: Федерация құрылымын бекіту, жаттықтырушылар алқасын бекіту, төрешілер алқасын бекіту, өзге де ұйымдастырушылық және стратегиялық мәселелер.
⠀
Жиналыстың мақсаты - Қазақстанда садақ ату спортын жүйелі дамыту, жаттықтырушылар мен төрешілер жұмысын үйлестіру және өңірлік ынтымақтастықты арттыру.