SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Құрама

Қазақстан құрамасы — III ТМД елдері ойындарында 1 алтын, 2 күміс медаль иегері!

Қазақстан құрамасы — III ТМД елдері ойындарында 1 алтын, 2 күміс медаль иегері!

Әзірбайжанның Ханкенди қаласында өткен III ТМД елдері ойындарында еліміздің садақшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы жарысты 1 алтын және 2 күміс медальмен қорытындылады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Алтын - классикалық садақ ату (жекелей сын) - Анастасия Солодовникова
Финалда Ресей спортшысы Мария Тараярованы 6:4 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Күміс - классикалық садақ ату (аралас жұптар) - Райымбек Майқыбаев, Анастасия Солодовникова
Финалда Беларусь командасымен тартысты кездесуде есе жіберді (4–5).

Күміс - классикалық садақ ату (ерлер командасы) - Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ, Рахымжан Қамар
Финалда Ресей командасына жол беріп, күміс медальға ие болды (3–5).

Райымбек Майқыбаев жекелей сында қола жүлде үшін таласта ресейлік қарсыласынан аз ғана ұпай айырмасымен ұтылып, 4-орынды иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан сапында барлығы 6 спортшы сынға түсті:
Томирис Әбдірашит, Аружан Яхина, Анастасия Солодовникова, Рахымжан Қамар, Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ.
Барлығы да жоғары дайындық пен нағыз намысты көрсетіп, финалға дейін сүрінбей жетті.