Орал қаласының садақ ату федерациясының қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды

Орал қаласында садақ атудан ересектер, жастар және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Маратұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Азамат Есентайұлы, сондай-ақ жергілікті лауазымды тұлғалар мен еліміздің әр өңірінен келген садақ ату федерацияларының президенттері қатысты.
Құрметті қонақтар жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, чемпионаттың маңыздылығына тоқталды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының чемпионаты салтанатты түрде ашық деп жарияланды.
Салтанатты рәсім аясында чемпионатты жоғары деңгейде ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан Орал қаласының садақ ату федерациясының қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.