SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Өңірлер

Алматы қаласы бойынша садақ ату федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Алматы қаласы бойынша садақ ату федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Алматы қаласы бойынша садақ ату федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының Президенті Усимбеков Азамат Есентайұлының қолдауымен және жергілікті спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы, сондай-ақ ҚР Ұлттық садақ ату федерациясының бас хатшысы Байтасов Есет Калидоллаұлының қатысуымен «Садақ ату» федерациясының жиыны өтті.

Аталған жиынға Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы арнайы қонақ ретінде қатысып, сала өкілдерімен бірге федерацияның жаңа президенті Абдуллаев Мақсат Шамсуддинұлына сәттілік тіледі.

Жиын барысында өңірдегі садақ ату спортын дамыту, спортшыларды жан-жақты қолдау, сондай-ақ халықаралық аренада ел намысын қорғайтын бәсекеге қабілетті мергендерді даярлау бағытындағы маңызды міндеттер айқындалды.

Абдуллаев Мақсат Шамсуддинұлы - Халықаралық бизнес және Алматы гуманитарлық-техникалық университеттерінде және Ақпараттық технологиялар, мемлекеттік және жергілікті басқару жән құқықтану мамандары бойынша тәмамдаған.
Қазіргі таңда жеке кәсіппен айналысады.

Жаңа президентке алдағы қызметінде табыс тілей отырып, өңірдегі садақ ату спортының дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдіреміз.