Өңірлер
Шымкент қаласында садақ атудан ересектер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогының I кезеңі өтеді.

2026 жылғы 23-27 аралығында Шымкент қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының спорт басқармасы, Шымкент қаласы садақ ату федерациясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық садақ ату федерация қолдауымен ересектер және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының І кезеңі өтеді.
Еліміздің 10 өңірінен — Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақмола, Павлодар, Түркістан, Қарағанды, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған 200-ден астам спортшы қатысады.
Айта кетейік, бұл дода төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңде үздік нәтиже көрсеткен спортшылар алдағы уақытта халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болады.