Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласында садақ атудан ересектер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогының III кезеңі, сондай-ақ пара садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары деңгейде өтті.

Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласында садақ атудан ересектер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогінің ІІІ кезеңі, сондай-ақ пара садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары деңгейде өтті.
Жетісу өңірі – тарихы терең, табиғаты көркем, рухы асқақ мекен. Осындай қасиетті жерде еліміздің әр өңірінен келген спортшылар бас қосып, өзара бақ сынасып, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.
Аталған жарысқа еліміздің 12 өңірінен 260-қа жуық спортшы қатысып, жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өрбітті. Бұл дода – тек жеңімпаздарды анықтайтын спорттық сайыс қана емес, садақ ату спортын дамытуға, жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына және халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындалуына жол ашатын маңызды алаң.
Мұндай ауқымды жарыстар спортшылардың кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, еліміздегі садақ ату спортының дамуына тың серпін беріп, болашақ чемпиондардың қалыптасуына ықпал етеді.