SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Өңірлер

Түркістан қаласында садақ атудан ересектер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогының II кезеңі өтеді.

Түркістан қаласында садақ атудан ересектер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогының II кезеңі өтеді.

2026 жылғы сәуір айының 12-17 аралығында Түркістан қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі, Түркістан қаласының спорт басқармасы, Түркістан қаласы садақ ату федерациясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық садақ ату федерация қолдауымен ересектер және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ІІ кезеңі өтеді.

Еліміздің 10 өңірінен — Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақмола, Павлодар, Түркістан, Қарағанды, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған 200-ден астам спортшы қатысады.

Айта кетейік, бұл дода төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңде үздік нәтиже көрсеткен спортшылар алдағы уақытта халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болады.