SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Өңірлер

Түркістан қаласында садақ атудан ересектер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогының II кезеңі және пара садақ атудан Қазақстан Республикасы кубогының I кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Түркістан қаласында садақ атудан ересектер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогының II кезеңі және пара садақ атудан Қазақстан Республикасы кубогының I кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Түркістан қаласында садақ атудан ересектер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогінің ІІ кезеңі және пара садақ атудан Қазақстан Республикасы кубогінің І кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Худияров Ғалымжан Батырханұлы мен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Алипов Мадияр Бахтыбайұлы , сондай-ақ ҚР Ұлттық садақ ату федерациясының атқарушы директоры Темірбеков Еділ Құнанбайұлы мен Түркістан облысының садақ ату, арбалет және дартс тарту федерациясының президенті Олжабаев Әбілқайыр Әбілұлы арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Ауқымды спорттық додаға еліміздің 12 өңірінен 260-қа жуық спортшы қатысуда. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Ақмола, Қарағанды, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген үздік мергендер бақ сынайды. Алдағы жарыс күндерінде барша спортшыларға сәттілік, төрешілерге әділ шешім, бапкерлерге төзім мен сабырлық тілейміз!