SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Өңірлер

Қарағанды облысы садақ ату федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Қарағанды облысы садақ ату федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Қарағанды облысы садақ ату федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Усимбеков Азамат Есентайұлының қолдауымен және жергілікті спорт басқармасының басшысы Нүркен Қанатұлы, сондай-ақ ҚР Ұлттық садақ ату федерациясының атқарушы директоры Еділ Құнанбайұлының қатысуымен «Садақ ату» федерациясының жиыны өтіп, сала өкілдеріне және федерацияның жаңа президенті Мергенбаев Серікжан Мерғалымұлына сәттілік тіледі.

Шара барысында өңірдегі садақ ату спортын дамыту, спортшыларды жан-жақты қолдау, сондай-ақ халықаралық аренада ел намысын қорғайтын бәсекеге қабілетті мергендерді даярлау бағытындағы маңызды міндеттер айқындалды.

Мергенбаев Серікжан Мерғалымұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Тұран Астана университеттерінде “Әлемдік экономика, құрылыс және заңгер” мамандары бойынша тәмамдаған.

Қазіргі уақытта «KZ Строй Эксперт» ЖШС құрылыс компаниясының және Қазақстан құрылысшылар одағының басшысының орынбасары болып қызмет атқарады.

Жаңа президентке алдағы қызметінде табыс тілей отырып, өңірдегі садақ ату спортының дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдіреміз.