Қостанай облысында «Садақ ату» федерациясы құрылтайшыларының жалпы жиналысы өтті.

Қостанай облысында “Садақ ату” федерациясы құрылтайшыларының жалпы жиналысы өтті. Жиынға Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы Қоспанов Бахтияр Сәбитұлы және ҚР Ұлттық садақ ату федерациясының атқарушы директоры Еділ Құнанбайұлы, сондай-ақ жергілікті федерация мүшелері қатысты. Күн тәртібінде федерацияның атқарылған жұмыстары туралы есеп тыңдалып, садақ ату спорт түрін өңірде дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар мен басым бағыттар талқыланды. Жиналыс қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Усимбеков Азамат Есентайұлының және жергілікті спорт басқарма басшысының қолдауымен «Қостанай облысының садақ ату федерациясының» жаңа президенті болып Шакибаев Ербол Ержанұлы сайланды. 🔹Шакибаев Ербол Ержанұлы - 1987 жылы 7 желтоқсанда Қостанайда дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары. Қазіргі таңда “ТОО СЕРВИССТАЛЬ” компаниясында басшылық қызмет атқарады. Тағайындалған жаңа президентке сәттілік тілейміз!