Қызылордада садақ атудан республикалық жарыстар өтеді

Қызылордада садақ атудан республикалық жарыстар өтеді
14-20 қыркүйек күндері Қызылорда қаласында садақ атудан балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты және пара садақ атудан Қазақстан Республикасы Кубогінің II кезеңі өтеді.
Республикалық деңгейдегі спорттық іс-шаралар «Қайсар Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ пара садақ атудан спортшылар қатысады. Қатысушылар садақ атудың түрлі бағыттары бойынша бақ сынап, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетеді.
Аталған жарыстар жас спортшылардың біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтауына, үздік спортшыларды анықтауға және садақ атуды бұқаралық спорт ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, республикалық дода Қызылорда өңірінде садақ атуды одан әрі дамытуға, спортшылардың әлеуетін арттыруға және өскелең ұрпақ арасында ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, «Қайсар Арена» спорт кешені
Өтетін мерзімі: 14-20 қыркүйек 2026 жыл