Тайландтың Бангкок қаласында садақ атудан Азия кубогының бірінші кезеңі өтеді

Садақ атудан Азия кубогінің бірінші кезеңіне Қазақстан құрамасы қатысады
2026 жылғы 22–27 наурыз аралығында Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында садақ атудан Азия кубогінің бірінші кезеңі өтеді. Аталған халықаралық додаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы қатысады.
Биылғы жарысқа еліміздің үздік мергендері іріктеліп, ұлттық құрама сапына барлығы 16 спортшы енді.
Классикалық садақ ату (ерлер/әйелдер):
Абдуллин Ильфат
Каримов Дастан
Жаңбырбай Дәулеткелді
Еременко Александр
Жумагулова Самира
Заемова Мадина
Землянова Александра
Турсунбек Диана
Компаунд садақ ату (ерлер/әйелдер):
Карабаев Акбарали
Мұса Ділмұхамет
Мирзаметов Бунед
Ткаченко Илья
Лян Виктория
Юнусова Диана
Юнусова Роксана
Раисова Эльмира
Аталған Азия кубогіне әлемнің 20 елінен жалпы саны 194 спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы да бар.
Ел намысын халықаралық аренада қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
Жеңіспен оралуына тілектеспіз!