SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Өңірлер

Оралда өңірлік садақ ату федерацияларының басшылары қатысқан «Конгресс – 2026» өтті

Оралда өңірлік садақ ату федерацияларының басшылары қатысқан «Конгресс – 2026» өтті

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының ұйымдастыруымен «Конгресс – 2026» өтті. Басқосуға еліміздің барлық өңірлерінен келген федерация президенттері мен аға жаттықтырушылар қатысты. Конгресс аясында өткен дөңгелек үстелде федерацияның осы уақытқа дейін атқарған нәтижелі жұмыстары қорытындыланып, садақ ату спортын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар мен маңызды бастамалар талқыланды. Қатысушылар өз өңірлеріндегі тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Жиын соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Азамат Есентайұлы сөз сөйлеп, алдағы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ол Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыға федерация тарапынан қаржылай сыйақы мен автокөлік табысталатынын мәлімдеп, бұл бастама спортшыларды жаңа жетістіктерге жігерлендіретін маңызды қолдау екенін атап өтті. Конгресс ұлттық құраманың әлеуетін арттыруға, өңірлік федерациялар арасындағы өзара байланысты нығайтуға және қазақстандық садақ ату спортын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды алаңға айналды.