SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Өңірлер

Орал төрінде садақ атудан ересектер, жастар және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталмақ.

Орал төрінде садақ атудан ересектер, жастар және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталмақ.

2026 жылдың 27шілде мен 1тамыз аралығында Орал төрінде садақ атудан ересектер, жастар және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталмақ.

Көрермен үшін бұл – бірнеше күнге созылатын жарыс. Ал осы аламанның артында айлар бойы тынымсыз еңбек, сансыз дайындық, үлкен жауапкершілік пен үйлесімді командалық жұмыс жатыр.

Әрбір нысананың дәл қойылуы, әр спортшының алаңға шығуы, әрбір тікелей эфир, әрбір марапаттау рәсімі – жүздеген адамның маңдай терінің нәтижесі.

Бұл чемпионат – жай ғана жарыс емес. Бұл – Қазақстанның ең үздік мергендерін анықтайтын, халықаралық додаларға жол ашатын маңызды кезең. Бұл – ел спортының дамуына үлес қосып, көк Туымыздың әлемдік ареналарда желбіреуіне негіз болатын үлкен қадам.

Үлкен жеңістер әрдайым көзге көрінбейтін үлкен еңбектен басталады.