Шығыс Қазақстан облысында садақ ату федерациясы ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Азамат Усимбеков мырзаның және Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Можанов Асқар Байжігітұлының қолдауымен тарихы терең, рухы биік Шығыс Қазақстан облысында садақ ату федерациясының алғаш рет салтанатты түрде ашылуы өтті.
Бұл – өңір спортының дамуына серпін беретін, жаңа белестерге бастайтын маңызды қадам.
ШҚО садақ ату федерациясының президенті болып Қазанов Жанболат Байрахметұлы тағайындалды. Оның басшылығымен ұлттық спорттың өрісі кеңейіп, жаңа жетістіктерге жол ашылады деп сенеміз.
Федерация басшылығы мен ұжымын және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарын шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жемісті болып, мергендік өнердің мәртебесі арта берсін. Алдағы уақытта осы қасиетті өңірден талай дарынды спортшылар мен ел намысын қорғайтын чемпиондар шығатынына кәміл сенеміз.