SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Өңірлер

Жамбыл облысында садақ ату федерациясы ресми түрде ашылды.

Жамбыл облысында садақ ату федерациясы ресми түрде ашылды.

Жамбыл облысында садақ ату федерациясы ресми түрде ашылды. Жамбыл облысы, Тараз қаласында ҚР Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Усимбеков Азамат Есентайұлының қолдауымен және жергілікті дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ибраимов Ернар Таласбекұлының қатысуымен «Садақ ату» федерациясының ашылу жиыны өтті. Шара барысында сала өкілдері мен мамандарына Федерация президенті Темірхан Нұрсұлтан Талғатұлы таныстырылып, жаңа қызметіне сәттілік тілінді. Басшының алдында өңірдегі садақ ату спортын дамыту, спортшыларды жан-жақты қолдау және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мергендерді даярлау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу міндеті тұр. Айта кетейік, Нұрсұлтан Талғатұлы – басқару саласында тәжірибесі мол маман. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты әрі кәсіпкер. Федерация президентіне алдағы қызметінде табыс, өңір спортының өркендеуіне үлкен үлес қосуына тілектеспіз!