Жетісу облысында садақ ату федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Жетісу облысында садақ ату федерациясының жаңа президенті тағайындалды
Жетісу облысы, Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Усимбеков Азамат Есентайұлының қолдауымен және жергілікті дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рысқұл Ұлан Ғалымұлының, сондай-ақ ҚР Ұлттық садақ ату федерациясының атқарушы директоры Темірбеков Еділ Құнанбайұлының қатысуымен «Садақ ату» федерациясының жиыны өтті.
Аталған жиынға Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы арнайы қонақ ретінде қатысып, сала өкілдерімен бірге федерацияның жаңа президенті Чедербаев Медет Нұрғазыұлына сәттілік тіледі.
Жиын барысында өңірдегі садақ ату спортын дамыту, спортшыларды жан-жақты қолдау, сондай-ақ халықаралық аренада ел намысын қорғайтын бәсекеге қабілетті мергендерді даярлау бағытындағы маңызды міндеттер айқындалды.
Чедербаев Медет Нұрғазыұлы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі уақытта «Прайм Строй Инвест» ЖШС құрылыс компаниясының басшысы қызметін атқарады.
Жаңа президентке алдағы қызметінде табыс тілей отырып, өңірдегі садақ ату спортының дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдіреміз.