
Астана қаласында алғаш рет садақ атудан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында алғаш рет ересектер мен жастар арасында садақ атудан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының жүлдесі сарапқа салынуда.
Бәсекеге еліміздің 12 өңірінен 300-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында Токио және Париж Олимпиадасының қатысушылары Ильфат Абдуллин, Дәулет Жаңбырбай, Александр Еременко, әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова, блоктық садақ атудан Азия чемпиондары Андрей Тютюн, Бунед Мирзаметов, Ділмұхамед Мұса сынды үздіктер бар.