SADAQ
Жаңалықтарға оралу
Құрама

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА САДАҚШЫЛАР ПАРА САДАҚ АТУДАН ӘЛЕМДІК СЕРИЯ КЕЗЕҢІНДЕ ЕКІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА САДАҚШЫЛАР ПАРА САДАҚ АТУДАН ӘЛЕМДІК СЕРИЯ КЕЗЕҢІНДЕ ЕКІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлемдік пара сериясында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшылар командалық және жекелей сайыстарда бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Командалық сайыста Қазақстан намысын қорғаған Жанат Айтимова мен Айзада Сейдан жұбы қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың алтын жүлдегері атанды. 🥇 Бұл нәтиже отандық пара садақшылардың халықаралық аренадағы шеберлігі мен жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сонымен қатар жекелей сайыста Қазақстан құрамасының өкілі Айзада Сейдан жоғары нәтиже көрсетті. Ол финалдық бәсекеде паралимпиада чемпионымен кездесіп, қарсыласына небәрі бір ұпай айырмашылығымен жол берді. Осылайша, қазақстандық спортшы күміс медаль иеленді. 🥈

Айзада Сейданның жекелей сайыстағы нәтижесі жарыстың жоғары бәсекелестік деңгейін көрсетсе, командалық сайыстағы алтын медаль Қазақстан құрамасының қоржынына маңызды жеңіс қосты.

Қазақстандық спортшылардың бұл жетістігі — жүйелі дайындықтың, табандылықтың және жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі.

Құрама команда жаттықтырушысы — Фуркат Закирұлы.

Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Қазақстан алға!