Құрама
Әлемге әйгілі The Vegas Shoot турнирінің 60 жылдығына орай Лас-Вегас қаласында садақ атудан ауқымды халықаралық жарыс өтті.

Әлемге әйгілі The Vegas Shoot турнирінің 60 жылдығына орай Лас-Вегас қаласында садақ атудан ауқымды халықаралық жарыс өтті.
Аталған додаға әлемнің 70 елінен және АҚШ-тың барлық 50 штатынан келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарысқа 4 000-нан астам садақшы қатысып, 6 000-нан астам жанкүйер тамашалады.
Қазақстан атынан бұл турнирге екі спортшы — Жексенбинова Адель және Андрей Тютюн қатысты.
4 000-нан астам спортшының арасынан суырылып шыққан Андрей Тютюн жарысты 12-орынмен аяқтап, жоғары нәтиже көрсетті.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 500 000 АҚШ долларын құрады. Жарыс барысында ақшалай сыйлықтар мен шәкіртақылардан тұратын 900 жүлде сертификаты сарапқа салынды.